Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ауыл мен қала мектептеріне бірдей жағдай жасалуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

2019 жылғы 16 тамыз 13:17 164
Бөлісіңіз:
Ауыл мен қала мектептеріне бірдей жағдай жасалуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан Тамыз конференциясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім берудегі теңсіздіктерді жоюды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 53 мың бала бірінші сыныпқа барады – тамыз кеңесі Болат Бақауов ұстаздарға қазақ тілінде оқыту сапасын арттыруды тапсырды ҚР Президенті қоластындағылардың жемқорлығы үшін бірінші басшының отставкасын енгізудің маңыздылығын айтты

«Білім беру ісіндегі теңсіздікті жою маңызды. Бұл мәселе көптеген дамыған елдерде өзекті. Ол халықтың әлемуеттік-экономикалық әл-ауқатына тікелей байланысты. Біздегі ауыл мен қала балаларының арасында білім беру деңгейі бойынша айырмашылық болмауы керек. Білім беру стандарттары бірыңғай болуы тиіс. Бұл білім беру бағдарламасына да қатысты. Барлық балалар тұрғылықты орнына, ата-анасының әлеуметтік мәртебесіне қарамай, сапалы білімге қол жеткізе алуы керек. Білім және ғылым министрлігіне табысы төмен отбасылар мен күрделі әлеуметтік жағдайда жұмыс істеп жатқан мектептердің балаларының академиялық артта қалуын жоятын арнайы бағдарламаларды дайындап іске қосуды тапсырамын. Облыс әкімдері бұл тапсырмамен түбегейлі айналысуы керек. Жер-жерде балаларымызға барлық жағдай жасау – олардың тікелей жауапкершілігі», - деді Президент.

Ол сондай-ақ, облыс әкімдеріне жергілікті грант бойынша білім алатын түлектерді өз өлкесінде қалдырудың жүйесін қалыптастыруда тапсырды.

«Ауылды жерлердегі көптеген шағын комплектілі мектептерде бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беруге мәжбүр болып жүргенде қандай білім сапасы туралы айтуға болады? Өңір әкімдеріне облыс мектептеріне үздік мұғалімдер мен педагогтарды тарту үшін гранттар бөлуді тапсырамын. Білім беру – экономиканың нақты саласы. Сондықтан, ол маңызды назар мен көлемді салымды талап етеді. Тек солай ғана өңірлер мен еліміздің дамуын қамтамасыз ете аламыз. Әкімдер түлектерді өз өлкесінде қалдырудың жүйесін ойластыра отырып, жүйелі түрде жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін жеке гранттар бөлуі қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы жиында ағылшын тілін оқыту қай сыныптардан басталатынын айтты.  Сондай-ақ барлық педагогтардың еңбек демалысы 56 күнге дейін көбейтілуі мүмкін екендігі мәлім етілді. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT