Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.71 eur/kzt 467.03

    rub/kzt 8.36 cny/kzt 67.1
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Ауыл мектептерінің қандай басымдығы бар

2022 жылғы 11 тамыз 16:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде шағын жинақты мектептерде 192 мың бала білім алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі шағын жинақты мектептерде 192 мың бала оқиды. Көп пе, әлде аз ба? Бұл – еліміздің барлық мектебінде білім алатын балалардың 5,3 пайызы ғана. Былай қарағанда аз. Жалпы мектептердің 36 пайызы. Бұл мектептерде мұғалімдердің 14 пайызы сабақ береді», - деді министр республикалық тамыз конференциясы барысында.

Осы ретте министр шағын жинақты мектептердің басымдығы бар екендігін атап өтті.

«Ауыл мектептерінің қандай басымдығы бар? Бұл мектептердің барлығында дерлік бір ауысыммен оқуға болады. Бұл – өте үлкен басымдық. Өкінішке орай, қалалық мектептерде үш ауысыммен білім беретін оқу ордалары аз емес. Көпшілігі 2 ауысыммен білім береді. Ал, бір ауысуыммен білім беру – шағын жинақты ауыл мектептерінің зор басымдығы», - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін министр ауыл мектептерінің басты проблемасын атады.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары