Ауыл маңындағы жайылым тапшылығы қалай шешіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ауыл маңындағы жайылым тапшығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік , бүгін палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Қазіргі заң жобасында ауылдың маңындағы жайылым жерлер ауылдың малын бағу үшін бөлінетін болады. Бірақ малдың санына байланысты шекарасы белгіленеді. Егер ол жер бұрын біреуге жекеменшікке берілсе, онда оны бағалау жүргізіледі. Содан қайта сатып алынады. Сондай-ақ бұл жер жалда болса, онда дәл осындай алқаптағы жер басқа егістіктен беріледі. Инфрақұрылымдық шығындар тіркелсе (құдық немесе басқа нысандар), бұның барлығы бағаланып, шығыны қайтарылады. Менің ойымша, бұл жақсы шешім болады. Бүгінде мал бағатын жер проблема екені белгілі», - деді бірінші вице-министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасының негізгі өзгерістері мен толықтырулары:

- қазақстандықтарға және қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі мерзімге жалға беру;

- Жер ресурстарын басқару комитетіне жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден қайтару;

- ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын «бағбандық» және «саяжай құрылысына» өзгертуге тыйым салу;

- халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында, жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларда, қажетті жайылым алқабының шекарасын айқындау;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруге мораторийдің қолданылу мерзімін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту.


Соңғы жаңалықтар