Ауыл əкімдерін халықтың өзі сайлағаны маңызды - Күлəш Рақымжанова

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ауыл əкімдерін халықтың өзі сайлауына мүмкіндік бергені құптарлық. Зеренді ауданы бойынша Аналар кеңесінің төрайымы, ақын Күлəш Рақымжанова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің ауыл əкімдерін болашақта халық өзі сайлап ала алатындығын көтеруі тектен тек емес. Ауыл əкімдерін халықтың өзі сайлауына мүмкіндік беру керек дегені құптарлық. Ауылдық жерде туып-өсіп, еңбек еткендіктен ауылдын жағдайын біркісідей білемін. Халық таңдаған әкім халықпен тіл табысып, тығыз жұмыс істейтініне еш күмәнім жоқ. Бұл біздің еліміздің демократияға бағыт бағдар ұстанғандығын көрсетеді. Сол себепті, демократияға бастар жолды жоғарыдан емес, төменнен бастағанымыз дұрыс», - дейді Күлəш Рақымжанова.


Соңғы жаңалықтар