Ауыл ішіне малын бос жібергендерге айыппұл салынды - Павлодар

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар ауданында тұрғындар ауыл ішін ластаған қаңғыбас малдарға шағымданып, иелеріне 75 мың 750 теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар ауданы әкімінің виртуалды қабылдауына Заря ауылдық округі Бірлік ауылының тұрғындары қаңғыбас малдар мен жылқылар жөнінде шағымданған. - Бірлік ауылының ата-аналары атынан сізге өтінішіміз бар. Ауылымызда қаңғыбас малдар мен жылқылар көбейіп кетті. Күндікке 20-25 бас жылқы қаңғып жүреді. Керек десеңіз түсірілген суреттер жетерлік. Балаларды далаға жіберуге қорқамыз. Ауылымыз мал қалдығымен ластанып барады, - делінген хатта.

Тұрғындардың сауалына тиісті тұлғалардың жауапқа тартылғандығы туралы жауап берілген. - Сіздердің аудан әкімінің сайтына жолдаған өтініштеріңізге сәйкес, Заря ауылдық округі әкімінің аппараты округтің үш тұрғынына ӘҚБтК 505 бабы (абаттандыру ережелерін бұзушылықтары) қаңғыбас малдың жасыл желектерді жою және бүлдіру фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, жалпы сомасы 75750 теңгеге айыппұл салды, - делінген жауапта. Аудан әкімдігінің мәлімдеуінше, округ әкімдігі учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, қаңғыбас малға жауапкершілік шараларын түсіндіру бойынша тұрғындармен тұрақты түрде жұмыс жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар