Ауыл ішінде жүрген ілбістің видеосы тарады

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ауыл ішінде жүрген ілбісті жүргізушілер видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан барыстың ауыл ішінде еркін жүргенін көруге болады. Тіпті қасынан өтіп бара жатқан көліктен де қорықпаған. Ал, видеоға түсірген жүргізуші қар барысының жатақхана маңында жүргенін жеткізген.

Өлкетанушы Ғани Назарбек бұл оқиғаның Қаскелең аймағындағы Ақсай шатқалында болғандығын мәлімдеді.

«Бұл барысты «Іле Алатауы» Ұлттық табиғи паркі маңында платина құрылысын жүргізіп жатқан құрылысшылар түсіріп алған. Халыққа келетін ешқандай қауіп жоқ» дейді ол.

Желіде жарияланған видеоға қызығушылық білдіріп жатқандар көп. Оқырмандар түрлі пікірлер жазып, оқиғаның мән-жайын сұрап жатыр.

Ғани Назарбек мырзаның осы посты бойынша барыс туралы видео «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақсай филиалында түсірілген екен. Ұлттық парк аумағын барыс бұрыннан бері мекендейді, дейді осы сала мамандары.

«Осыған орай бүгін Ұлттық парктің ғылыми зерттеу бөлімінің маманы мен Ақсай филиалының аңтанушы-биолог маманы Ақсай филиалына зерттеу жұмыстарын жүргізуге шықты»,-деді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев.


Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар