«Ауыл - Ел бесігі» жобасына қосымша 55 млрд теңге бөлінеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл «Ауыл - Ел бесігі» жобасына қосымша 55 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифнгіде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылы «Ауыл - Ел бесігі» жобасына 143 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 736 ауылда 1 500-ден астам жоба іске асырылатын болады. Сонымен қатар, 2023 жылғы республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қосымша 55 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл 120-дан астам тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысанын, 275 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын және 1 300 көлік инфрақұрылымы жобасын іске асыруға мүмкіндік береді», - деп жоспарларды мәлім етті Бауыржан Омарбеков.

Сонымен бірге, брифингі барысында вице-министр өңірлердегі жергілікті органдар үшін жүргізілетін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жеңілдейтінін атап өтті.

Бұған қоса, ол «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заң жобасы шеңберінде маслихатқа әкімнің жұмысына мониторинг жасау өкілеттігі берілетінін айтты.


Соңғы жаңалықтар