«Ауыл - ел бесігі» жобасы қанша ауылды қамтиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Ауыл - ел бесігі» аясында болашағы бар ауылдарды іріктеу жүйесі туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Перспективалық ауылдарды дамыту үшін «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы қаржыландырылады. Оған үш жылда 90 миллиард теңге бөлінеді. Жоба 1 500 перспективалық ауылды қамтитын болады. Олардың тізбесі жасалды. Ауылдың болашағы бар ма, жоқ па, xалықтың тығыздығына, орналасқан жеріне, даму әлеуетіне және тағы басқа көрсеткіштерге қарай айқындалады», - деді Р.Дәленов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ауыл - ел бесігі» атты арнайы жобаны іске асыруды тапсырған болатын.

«Ең алдымен Үкімет әкімдер мен мәслиxаттармен бірлесе отырып, болашағы бар ауылдарды іріктеп алуы тиіс. Сол жерде әлеуметтік саланы дамытып, интернаттар салу қажет. Ауылдарды тұрақты даму ошақтарына айналдыруымыз керек. Осы орайда Қытай Халық Республикасының тәжірибесіне сүйеніп, ауылда xалық тұтынатын тауарларды шығару, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және басқа да шараларды қолға алған жөн. Ондай ауылдарда баспана мен жолдарды салып, шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Ал болашағы жоқ елді мекендердің тұрғындары сол ауылдарға көшуге тырысады. Ауылда ақша тауып, лайықты өмір сүруге болады. Осыған байланысты Үкіметке «Ауыл - ел бесігі» деген арнайы жобаны іске асыруға қатысты ұсыныстарды әзірлеуді тапсырамын. 2019-2021 жылдары оған 90 миллиард теңге бөлу керек. Соның арқасында жастарды ауылда ұстап қалуға мүмкіндік бар», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар