«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 800 жоба жүзеге асырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин биыл Қазақстандағы 190 ауылда жаңа стандарттарға сай көліктік, инженерлік жобалар жүзеге асырылатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл халқының өмір сапасын жақсарту үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 800 жоба жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бұл тұрғыда көліктік, инженерлік, әлеуметтік саладағы жобалар қолға алынады», - деді Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, алдағы 7 жылда 3,5 мың ауылдағы инфрақұрылымды дамытуға 900 млрд теңге жұмсалады.





Соңғы жаңалықтар