Ауыл-Ел бесігі жобасы 3,5 мың ауылды қамтыды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның ауылдарындағы 6 293 елді мекенде 7,8 млн адам тұрады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында «Ауыл — Ел бесігі» жобасын талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі​ Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылдық аумақтарды дамыту мақсатында Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл — Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне дейін жеткізу арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл мақсатқа қол жеткізу - әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімдігін қамтамасыз ету, жалпы алғанда, өмір сүруге қолайлы жағдау жасау арқылы іске асырылады. Ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл таңдалды. Оларда ауыл тұрғындарының 89 пайызы тұрады. Осы 3,5 мың ауылдың 1171-і тірек ауылы және олардың айналысында 2368-і жақын спутник ауыл», - деді Ә. Қуантыров.

Ол осы ауылдарды дамыту «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында бірінші кезектегі мәселе ретінде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6 293 ауылды елді мекен бар, оларда 7,8 млн тұрғын тұрады. Бұл ретте 4,4 мың ауыл орталықтандырылған сумен қамтылған», - деді министр.

2019 жылы елімізде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы іске асырыла бастады .

Оның басты мақсаты — ауылдағы адамдардың өмірін жақсарту. Жол құрылысы, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт нысандарын қайта жаңарту және жаңа нысандар салу, жұмыс орындарын құру — осының барлығы аталған бағдарламаны іске асыруды көздейді.


Соңғы жаңалықтар