+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

«Ауыл – ел бесігі»: Жамбылда 53 жоба жүзеге асады

2019 жылғы 7 қараша 03:26
Бөлісіңіз:
«Ауыл – ел бесігі»: Жамбылда 53 жоба жүзеге асады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 108 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының диқаншылары қырыққабат егуді бастады Ауыл шаруашылығын субсидиялау бағыттарында қандай өзгерістер болады Жерді пайдаланбай жатқандарға нақты шаралар қолданылады – сенатор

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, жоба аясында облыстың 3 аудан орталығында 108 жоба жүзеге асырылуда.

Оған республикалық бюджеттен бөлінген 2,77 миллиард теңге қарастырылыпты. Оның ішінде 104 жоба әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымдары нысандарын жөндеуге бағытталса, төрт жоба бойынша әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде екен.

Атап айтар болсақ, Жамбыл ауданы Аса ауылындағы әмбебап залы бар спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы, Шу ауданының орталық аудандық ауруханасына жапсарлас ғимаратының, Шу ауданы Төле би ауылында «Мәдениет үйінің» және әмбебап залы бар спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Барлық жобалар бойынша жұмыстар басталып, жүргізілуде десек, 85 жоба аяқталып үлгерілген. Ал, төрт жоба келер жылға өтпелі.

«2020 жылға облыстың 3 ауылында Қордай ауданы Қордай ауылы, Меркі ауданы Меркі ауылы, Сарысу ауданы Саудакент ауылында барлығы 53 жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Оған 2 миллиард теңге лимит белгіленіп, тиісті құжаттар ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылды»,-дейді Гүлдана Жауынбекова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT