«Ауыл – Ел бесігі»: Түркістан облысында 86 елді мекенде құрылыс жұмыстары ырғақты жүруде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Түркістан облысында 302 жобаны іске асыруға бюджеттен жалпы 16,1 млрд.теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарлама аясында өңірде қосымша 8 мектеп салынып, 10 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Бір дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, 4 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеумен қамтылуда. Сонымен бірге 2 спорт нысаны, 2 мәдениет нысаны, 15 табиғи газбен қамтамасыз ету және 13 электр қуатымен жабдықтау нысаны да жоспарға сай салынып жатыр. 300-ге жуық ішкі көшелерге орташа жөндеу жүргізілуде.

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек жобаларды іске асыру барысында 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын атап өтті. Жыл соңына дейін 291 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, 25 нысан келер жылға өтпелі. Бүгінгі таңда 209 нысанның жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген.

Қалған нысандар кестеге сәйкес жыл соңына дейін тапсырылады. Нәтижесінде жыл қорытындысымен 86 елді мекенге жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар