«Ауыл-ел бесігі»: Шардарада 21 көше жөнделмек

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Шардара қаласындағы ұзындығы 12 шақырымды құрайтын 6 көше жергілікті бюджет есебінен жөнделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаржысы есебінен 465 млн теңге бөлініп, 21 көшені қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылы Алатау батыр және Көксу ауылдық округтеріндегі жөнделген көшелер жуық арада пайдалануға берілмек. Ал, Шардара қаласының орталығындағы 20 шақырым көшелер тазаланып, жолақтар сызылған. Сондай-ақ, жол белгілері мен жасанды өткелдер орнату жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерді газдандыру бойынша жұмыстар 4 кезеңге бөлініп, кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ. Бүгінде екі мыңнан астам халқы бар 25 елдімекеннің жетеуі табиғи газға қосылған.

Былтыр 5 ауылдың және «Шардара» № 18 ГТС-ның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде 13 407 отбасы, яғни, аудан тұрғындарының 34 пайызы газбен қамтылады. Одан бөлек, Көксу мен Қоссейіт ауылдарын табиғи газға қосу күтілуде. Аудан орталығындағы Ақберді елді мекені аумағынан № 18 «Шардара» газ тарату стансасы салынды. Осы жоба аясында Шардара қаласы және қаламен іргелес орналасқан 11 елді мекендегі 44 120 адамды (аудан тұрғындарының 55,7 пайызы) көгілдір отынға қосылатын болады.


Соңғы жаңалықтар