Ауыл – ел бесігі: Сайрамда бірқатар нысандар күрделі жөндеуден өтті

None
None
САЙРАМ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сайрам ауданында бірқатар нысандар «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Қайта ретке келтірілген ғимараттар қатарында білім, мәдениет және денсаулық сақтау нысандары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйі жылдар бойы жөндеу көрмей, тозығы жеткен болатын. Ендігі жерде бұл ғимарат толығымен жаңарып, жуырда пайдалануға берілмек.

Нысан сондай-ақ, табиғи газ арқылы жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген.

Аталған жоба аясында Ақсукент және Манкент ауылдарындағы білім және денсаулық сақтау және мәдениет нысандарына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар екі ауылдық округтегі 10 жолдың орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Айта кетейік, күні кеше Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында құрылысы аяқталған бірқатар нысанды аралап, қазіргі жағдайымен танысып шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар