+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

«Ауыл - ел бесігі» Қарағанды облысының ауылдарын дамытуға көмектеседі

2021 жылғы 13 қаңтар 17:06
Бөлісіңіз:
«Ауыл - ел бесігі» Қарағанды облысының ауылдарын дамытуға көмектеседі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ауылдарын «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша дамыту жалғастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл Осакаровка, Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра және Шет аудандарындағы 11 ауылдық елді мекенге көңіл бөлінеді. Олар әлеуметтік, құрылыс және ТКШ салаларында 19 жобаны іске асыруды көздеп отыр.

Мысалы, Нұра ауданының Кертінді ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, ал Егіндібұлақта - ДСК салу қажет. Айта кету керек, облыс әкімінен жергілікті тұрғындар спорт нысанын салуды сұрап, бірнеше рет өтінген болатын.

Шет ауданының Ақадыр кентінде 3,8 км кәріз желілерінің құрылысына және қызмет көрсетуге, сондай-ақ 5 км су құбырының резервтік желісінің құрылысына ақша жұмсалады.

Осакаров ауданының Молодежный кенті мен Ақбұлақ ауылында 7 жоба жүзеге асырылмақ. Қаржыландыру бірнеше мектеп пен ауыл жолдарын жөндеуге де бөлінеді.

Жалпы жолдарға келетін болсақ, «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша облыстың үш ауданында 35 км ауылішілік жолдар жөнделеді.

Мемлекеттік бағдарлама 2027 жылға дейін есептелген. Облыстың барлық тірек және серіктес ауылдарын қамту міндеті тұр.

- Биыл барлық аудандарды қамту қажет. Біз жобаның арқасында ауылдардың инфрақұрылымы жақсарып, тірек және серіктес ауылдарда тұратын ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігі артып, тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететінін көріп отырмыз, - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 47 жоба бойынша жұмыс жүргізілді. 2020 жылы бұл бағдарламаны қаржыландыру 4 еседен астам ұлғайды. Тоғыз жалпы білім беретін мектеп пен бір спорт мектебі жөнделді, екі аудандық аурухана мен дәрігерлік амбулатория ғимараттары жөнделді. 25 шақырым су құбыры желілері қайта жаңартылды. 70 шақырым кентішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT