USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Ауыл – ел бесігі: Қарағанды облысының 38 елді мекенінде жолдар жөнделді

2021 жылғы 29 қараша 21:30
Бөлісіңіз:
Ауыл – ел бесігі: Қарағанды облысының 38 елді мекенінде жолдар жөнделді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша соңғы үш жылда 38 ауылдық елді мекенде жолдар жөнделді. Өңірде бір жарым мың шақырым автожол жөнделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

– Республикалық маңызы бар 674 шақырым трассаны және жергілікті желінің 800 шақырымнан астам автожолын реконструкциялау жалғасуда. Жалпы ұзындығы 513 км болатын Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Бурылбайтал жаңа жолымен жүру қамтамасыз етілді, – деп хабарлады облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ баспасөз мәслихатында. – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, келесі жылға толық аяқтау жоспарланған.

Келесі жылы Жезқазған-Қызылорда автожолында Қарағанды облысының учаскесінде жол – құрылыс жұмыстары басталуы тиіс. Сапалы жол Жезқазған мен Сәтпаевтың сауда-көлік байланысын күшейтуге, сондай-ақ жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT