+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ауыл – Ел бесiгi: Биыл Қостанай облысында 3 мектеп салынады

2020 жылғы 22 мамыр 06:30
Бөлісіңіз:
Ауыл – Ел бесiгi: Биыл Қостанай облысында 3 мектеп салынады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Биыл облыстағы білім беру мекемелерін жөндеуге бюджеттен 13,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Осы жылы өңірде 3 мектеп салынып, 30 білім ғимаратына күрделі, 102 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ауқымды жобалар негізінен «Ауыл - Ел бесiгi» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары арқылы қаржыландырылмақ.

«Мектептерді күрделі жөндеуден өткізу үшін 7,4 млрд теңге қарастырылған. Мәселен, Қарасу ауылындағы апатты жағдайда тұрған білім ошағының орнына таяуда 320 орындық жаңа мектеп құрылысы басталады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асырылатын бұл жобаның құны – 1.3 млрд теңге. Жаңа мектептің құрылысы биыл желтоқсан айына дейін аяқталмақ. Басқарма мамандары 2020 жылы жүзеге асатын құрылыс жобалары мен күрделі және жеңіл жөндеуден өтетін нысандар тізімін жасады. Бұл тізімге жалпы сомасы 9,2 млрд теңге болатын 35 инфрақұрылымдық жоба еніп отыр. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2300 уақытша жұмыс орны ашылады», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.

Ағымдағы жөндеуден өтетін 102 нысанның бірі – Қостанайдағы №17-ші орта мектеп. 1979 жылы іргесі қаланған ғимарат бұған дейін күрделі жөндеу көрмеген. Жұмыспен қамту жол картасы аясында бұл жобаға 93 құрылысшы тартылып отыр. Нысан тамыз айында тапсырылмақ. Қазір білім ошағында жөндеу жұмыстарының 65%-ы орындалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT