«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Келес ауданында ауылдардың ішкі жолдары жөнделуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Келес ауданында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауылдардың ішкі жолдары жөнделіп жатыр. Ауқымды жұмыстар Ошақты елдімекені мен Қошқарата ауылдық округінде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Ошақты елді мекенінің жолдары жыл соңына дейін 97 пайызға жаңармақ. Мұнда 9 көше «Ауыл - Ел бесігі» бағларламасы аясында абаттандырылса, 6 көшені жөндеу жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда.

Жол жөндеу жұмыстары Қошқарата ауылдық округінде де қарқынды жүзеге асырылып, бірнеше көшеге шағал тас төселуде. Сонымен қатар, «Абай-Шардара» облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойын абаттандыру жұмыстары атқарылуда.

Жалпы 3 шақырымға жуық жолға аяқжолдар төселіп, жарық шамдар орнатылмақ. Демалыс орындары абаттандырылып, орындықтар менқоқыс жәшіктерін орнату жоспарланған.

Ал, Жолбасшы және Жүзімдік елдімекендерінде жалпы 18 ішкі көшеге 29,9 шақырым жолды жөндеуден өткізу қолға алынған.


Соңғы жаңалықтар