+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ауыл - ел бесігі: Арыс қаласында 40-тан аса көше жөнделіп жатыр

2020 жылғы 15 қыркүйек 22:40
Бөлісіңіз:
Ауыл - ел бесігі: Арыс қаласында 40-тан аса көше жөнделіп жатыр

АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Арыс қаласында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 40-тан аса көше жөнделуде. Республикалық және облыстық бюджет есебінен бөлінген қаражатқа Монтайтас ауыл округінде - 14 көше және Ақдала ауылдық округінде - 28 көше реттелмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Арыс қаласы аумағында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы - 638,6 шақырым.

Биыл жергілікті бюджет есебінен қала аумағында жалпы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын 20 көшеге орташа жөндеу және тас төсеу жұмыстары жүргізілмек.

Сонымен қатар, Арыста 67 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жасалады. Атап айтқанда, 8 көшеде - аяқжол мен жарықтандыру және 6 көшеде - аяқжол салу, 9 көшеде жарықтандыру жұмысы жүргізілген.

Жалпы 244 744 шаршы метр асфальт төселіп, 63 044 шаршы метр аяқжол салынған.

Сондай-ақ, 454 текше метр арық қойылып, 57 шақырым көше жарықтандырылған. 179 метр жасанды кедергі мен 38 жол белгісі орнатылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT