«Ауыл – ел бесігі»: Ақмолада тұрғындарының өмір сапасы артып келеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді-мекендердің инженерлік – коммуникация инфрақұрылымдары жақсаруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, аталмыш бағдарлама шеңберінде Бұланды ауданының Капитоновка ауылында әлеуметтік нысандар мен инженерлік – коммуникация инфрақұрылымдар жаңартылып, абаттандыру жұмыстар жүргізілуде.

«Көп жылдан бері Капитоновка ауылы тұрғындарын ауызсу мәселесі толғандырып келді. Қазіргі таңда тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша сумен жабықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сол кезде аталмыш елді-мекендегі 340 үй сумен жабдықталатын болады», - деп түсіндірді Бұланды ауданы әкімдігіндегілер.

Сонымен қатар, ауылда 4 шақырым көшеге асфаль төселіп, энергия үнемдегіш жарық шамдары орнатылды. Қазіргі кезде ауыл көшесіне 102 электр бағаны орнатылды. Спорт алаңының абаттандырылуы да ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлады. Тортанды жабындысы бар воркаут алаңы, қоссырық, белтемір, жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңында ауыл тұрғындары спортпен шұғылданып, бос уақыттарын өткізе алады.

«Жаңа спорт алаңының салынуы балалар мен ересектердің спортпен шығылдануына және таза ауада серуендеуіне мүмкіндік туғызып отыр. Сонымен бірге, ауыл көшесіне асфальт төселіп, жарық шамдары орнатылды. Бұл әрине, мемлекеттің ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту бағытында жасап отырған қамқорлығы», - дейді Капитоновка ауылының тұрғыны Анатолий Тертов.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде орта мектеп ғимаратының шатыры ауыстырылып, ауыл клубының жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар