Ауыл әкімін сайлау науқаны ел өміріндегі маңызды оқиға болады - Ерлан Қарин

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауыл әкімдерін тікелей сайлау бүкіл ел үшін айтулы оқиғаға айналады. Мұндай пікірді Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин сараптамалық талқылауда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде ауыл әкімдері әкімдік корпусының 90%-дан астамын құрайды.

«Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұрады. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау науқаны маңызды оқиға болғаны бір бөлек, бұл шын мәнісінде азаматтар мен мемлекеттің, билік пен қоғамның арасындағы қарым-қатынастың жаңа принциптерінің орныққанын аңғартады. Оосы реформалар қалай іске асады? Болашақта тағы қандай бастамаларды жүзеге асыра аламыз? Біздің мақсатымыз - осы сұрақтар аясында мүмкіндігінше пікір алмасу. Бүгінгі кездесуде біздің әріптесіміз Андрей Чеботаревтің дайындаған сараптамалық баяндамасын тыңдадық. Бұл баяндамада соңғы екі жылда жарияланған барлық саяси бастамалар талданып жүйеленген. Сонымен қатар, Президент тарапынан адам құқығы мәселесіне қатысты біршама маңызды мәселелер де көтерілген. Осындай кездесулердің нәтижесінде бүгін, міне, осы уақытқа дейін талдап қана қоймай, болашақта атқарылатын басқа да реформаларды пысықтау мүмкіндігі туды»,- деді Ерлан Қарин.

Айта кетейік, бүгін Алматыда саяси реформалардың үш президенттік пакетін жүзеге асыру бойынша сараптамалық талқылау өтті.

Шараға белгілі қазақстандық сарапшылар, саясаттанушылар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері қатысты.


Соңғы жаңалықтар