+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын - Президент

2020 жылғы 1 қыркүйек 13:09
Бөлісіңіз:
Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты - тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн», - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білу керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды.

«Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет», - деді Қ. Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT