Ауыл әкімдерін сайлау: Комиссия мүшелерінің жалақысы қанша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл әкімдерін сайлау науқанында сайлау комиссиясы мүшелеріне ең төменгі 3 айлық жалақы көлемінде айлық төленеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен ең төменгі үш айлық мөлшерінде жалақы белгіленеді. Ол жалпы алғанда 127,5 мың теңгені құрайды. Бұған қоса, сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде мемлекеттік қызметші саналатын комиссия мүшелері негізгі жұмысынан босатылады және негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысы сақталады», - деді Сәбила Мұстафина ОСК отырысында.

Сонымен қатар ол сайлау комиссияларының мүшелері, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер демалыс және мейрам күндері, түнде жұмыс істегендері үшін қосымша үстеме ақы алады. Бұл үстемеақы да сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен төленеді.


Соңғы жаңалықтар