Ауыл әкімдерін халық сайлайтын болады – заң жобасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәжіліс депутаттарын сайлауда қолданылатын барабар сайлау жүйесін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау тәртібіне тарату ұсынылады. Мәслихаттар депутаттарын сайлау процесін жетілдіруге байланысты аудандық сайлау комиссияларын жою ұсынылады. Олардың қызметтері мен өкілеттіктері аумақтық сайлау комиссияларына беріледі. Олардың екі мүшесі өздерінің өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асырады», - деді Әділет министрі Марат Бекетаев заң жобасы бойынша баяндамасында.

Сонымен қатар, М. Бекетаев ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау енгізілетінін атап өтті. Әкім жергілікті тұрғындармен жалпыға бірдей тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.

Бұдан бөлек, жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер базасын интеграциялау арқылы сайлаушылардың тізімдерін құрастыру тәртібін қайта қарау ұсынылады.

«Бұл республикалық электрондық сайлаушылар тізімін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, сайлау алдындағы үгіт жүргізу мәселелерін шешуге бағытталған түзетулер бар», - деді Әділет министр.

Соңғы жаңалықтар