Ауыл әкімдері қандай жағдайда қызметтен босатылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ілеспе заң жобасы Жергілікті мемлекеттік бақсрау және өзін-өзі басқару, Мемлекеттік қызметі туралы және Саяси партиялар туралы заңдарға түзетулер енгізуді көздейді. Барлығы 20 түзетуден тұрады», - деді Ұлттық экономика министрінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

Вице-министрдің айтуынша, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға енгізілетін түзетулер әкімдердің өкілетін мына жағдайларда тоқтатуды көздейді:

1. Егер әкімді партия ұсынған болса, партия мүшелігінен шығарылған жағдайда;

2. Мәслихат сенімсіздік білдірген жағдайда, оның ішінде жергілікті қауымдастықтың жиыны тиісті шешім шығарған жағдайда;

3. Мемлекеттік қызмет туралы заңның өзге де негіздемелері бойынша, яғни, сот шемімімен немесе өз еркімен қызметтен босатылуы, азаматтықтан айырылыу және т.б;

«Сонымен қатар, жергілікті мәслихат депутаттарына ауыл әкімінің әрекеттерін тәртіптік кеңесте қарау өкілетін беру қарастырылып отыр», - деді министрдің орынбасары.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәжілісте сайлау туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер таныстырылып жатыр. Заң жобасы бойынша, әкімдер сайлауын алғашқы екі жылда ОСК қаржыландырады .

Еске сала кетсек, Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталып жатқанын мәлім еткен болатын.



Соңғы жаңалықтар