Аутизмі бар балаларды қалай ерте анықтауға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы №36 қалалық емхананың балалар невропатолог- дәрігері Күлназ Әлімбек балалардағы ерте аутизмге назар аударатын белгілер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күлназ Әлімбектің айтуынша, ерте балалар аутизмі – бұл өзіндік эмоционалдық-мінез – құлықтық, сөйлеу және кейде интеллектуалдық бұзылуы бар түрлі психикалық функциясының қалыптасуының әркелкілігімен психикалық дамуы бұзушылығының ерекше түрі.

Диагноз, тәртіп бойынша, аутистік спектрдің бұзылуына сәйкестенген бағалау құралдары мен скринингтен және бақылау немесе формальды тестілеу көмегімен анықталды.

«Аутизмнің бастапқы белгілері баланың тіршілік етуіндегі алғашқы екі жыл ішінде белгіленеді. Әсіресе, аутизм ашық түрде 3-5 жаста білінеді және қорқыныш-үреймен, негативзиммен, агрессиямен көрінеді. Ерте жасында бірнеше реакция байқалады. Атап айтар болсам, адамдармен эмоционалдық қатынастың болмауы- балаларда көңіл бөлу, күлімсіреу және күлу сияқты реакция болмайды. Мұндай диагнозды балаларда сондай-ақ, ойнау ерекшелігі (ойыншықтарды елемеу), белсенді болуының бұзылуы анықталады», - дейді дәрігер.

Сонымен қатар, кейбір балаларда бақыланатын симбиотикалық қарым-қатынастың түрі бар, ол кезде бала анасыз қалудан бас тартып, ол жоқ кезде үрейленеді, дегенмен, бала анасына мейірімділік, нәзіктік сезімін білдіре алмайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларда аутизмнің негізгі компонеттері болып «өзіне кету», яғни, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауының айтарлықтай төмендеуі немесе мүлдем болмауы, өзінің ішкі дүниесіне батып кетеді. Бала өзінің ішкі дүниесінде не болып жатқанын айтпайды, көбінесе әңгімеге тартылмай, берілген сұрақтарға жауап берудің орнына үндемей қалады. Жарық түсу, есту, жанасуда, температуралық тітіркеніштерге аса сезімталдығы, ас қорыту жүйесі бұзылып, жиіркену, қауіптену пайда болады. Сонымен қатар, ауызға жемейтін нәрсені салу сияқты нәрселер орын алады.

Дәрігер жоғарыда көрсетілген белгілер анықталғанда соңғы диагнозды қою үшін маманға бару туралы кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар