Аустрияда дауыл бес адамның өмірін қиды

None
None
ВЕНА. ҚазАқпарат – Аустрияда коммуналдық қызметтер елдің батыс аймақтарында жауған қатты жаңбыр мен екпінді желдің салдарын жойып жатыр. Батыс Еуропада аптап ыстықтан кейін нөсер жауын жауып, найзағай ойнаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат еuronews-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, табиғи апат бес адамның, оның ішінде екі баланың өмірін қиды. 11 жергілікті тұрғын зардап шекті. Көптеген ауылда үйлер мен гараждар су астында қалды, жолдар бүлінді.

Метеорологтардың мәліметінше, соңғы тәулікте Форарльберг федералды жеріне жауын-шашын рекордтық мөлшерде түскен.

Құтқару бригадалары бір жарым мыңнан астам рет көмекке шықты. Таулы аймақтағы елді мекендердің бірі – Вольфуртте көшкін жүрді. Төменгі Рейн алқабында автомобиль жолындағы көлік қозғалысы бірнеше сағатқа тоқтады. Сенбі күні зардап шеккен аудандарда теміржол қатынасында да кедергілер болды.


Соңғы жаңалықтар