Аустрияда автобуспен жүретін жолаушыларға сыйақы төленетін болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бургенланд аустриялық федералдық аумағының билік өкілдері тұрғындарға қоғамдық көлікте жүргені үшін бонус төлейтін болады. Сыйақы 2020 жылдан бастап беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kronen Zeitung басылымына сілтеме жасап.

Аустрияның аталмыш өңірінің үкіметі климатты сақтау үшін автобуспен жүруге ынталандыру бағдарламасын жасап шығарды. Эко-бонус жеке автомобильдің орнына қоғамдық көлікті пайдаланатын барлық қала тұрғындарына беріледі. Жолаушыларға сыйақы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 20 шақырым немесе одан да көп жол жүргендерге төлене бастайды. Эко-бонустың ең төменгі мөлшері €39 құрайды, ал ең жоғарысы жылына €150 жетеді.

Өңірлік билік өкілдері Кристиан Илледитс пен Астрид Айзенкопфтың айтуынша, тұрғындарының басым көпшілігі жұмыс орындарына көлікпен жетуге мәжбүр. Ал, эко-бонус бағдарламасы климатты сақтап қалу мақсатында үйден жұмысқа автобуспен жету үшін қолайлы жағдай жасауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар