Аустралияның тропиктік аралдарын мұхит қоқыстары басып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аустралиядағы кокос аралдары мұхит жағаға шығарып тастаған жүздеген тонна қоқыстарға толы болып шықты. Аталған экологиялық апат жайлы ғалымдар тобы Scientific Reports ғылыми журналына жариялаған есептерінде баяндаған.

Экологтар келтірілген мәліметтерге сүйенсек, қазір кокос аралдарындағы жағажайларды жалпы салмағы 230 тоннадан асатын пластикалық қоқыстар басып қалған.

«Біз 400 миллионнан астам қоқыс түрлерін анықтадық, олардың көпшілігі бір рет күн сайын пайдаланылатын пластик қаптамалар, тәрелкелер, шыныаяқтар, түтіктер, тамақ орамдары, тіс щеткалары, бөтелкелер», - деді зерттеу жұмыстарын басқаратын ғалым Дженнифер Лейверс.

Кокос аралдары - солтүстік-батыс жағалауынан 2 мың шақырым жерде орналасқан Аустралияның сыртқы аумағы. Олар ұзақ уақыт бойы курорттық аймақ болды.

Кокос аралдарының тұрғындары 600 адамға жуық. Мұхит жағалауға шығарып тастайтын бірнеше тонналаған қоқыспен күресуге жергілікті тұрғындар қауқарсыз болып отыр.

Соңғы жаңалықтар