Аустралияның оңтүстігінде 65 мың найзағай ойнап, аспанды жап-жарық етті

None
Photo: @paulcav22/Instagram
АДЕЛАИДА. ҚазАқпарат – Оңтүстік Аустралияда қатты дауылдан 10 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Метеорология бюросынан мәлім еткендей, 24 сағатта 65 мың найзағай жарқылы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтемемен.

Аделаида оңтүстігінде Ноарлунгте жауын-шашын мөлшері 4 миллиметрден 25 мм дейін болған. Әуежай аумағына жарты сағаттың ішінде 20 мм дейін жауын-шашын жауған.

Фото: Ian Myers Photography

Нөсер жауын сейсенбі күні кешкісін және сәрсенбі таңертең жауған. Мемлекетттік төтенше жағдайлар қызметіне таңғы сағат 03:30-04:30 аралығында әр үш минут сайын қоңырау түскен, деп хабарлайды Xinhua.

Синоптиктердің хабарлауынша, жұма күні таңға дейін нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды.

Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше, қатты зақымдалу туралы ақпарат әзірге түспеген.

Фото: Lachy Reilly

Фото: @_s_h_b_photography

Соңғы жаңалықтар