Аустралияның ең үлкен гауһар тас аукционда 1,2 млн аустралия долларына сатылды

None
None
СИДНЕЙ. ҚазАқпарат – Салмағы 25,02 карат болатын төртбұрышты ең рі гауһар кеше рекорд сомаға сатылып, Сиднейдегі Leonard Joel Important Jewels аукционына сырттай қатысушының иелігіне өтті, , деп хабарлайды ҚазАқпарат IDEX Online-ға сілтеме жасап.

Елдегі аукционға шығарылған ең ірі гауһар тас (бриллиант) орнатылған платина сақина 1,2 миллион Аустарлия долларына сатылды. Алайда сыйақы және салықты қоса есептегенде жалпы сома 1,125 миллион аустралиялық доллар болды

Аустралияның алдыңғы рекорды өткен жылдың тамыз айында тіркелген болатын. Ол кезде 17,34 карат гауһар сақина Leonard Joel Important Jewels аукционында 575 мың Аустралия долларына (сыйақы мен салықты қосқанда) сатылды.

Кешегі 234 лоттық аукцион Аустралиядағы ең табысты зергерлік аукцион деп аталды. Ол сатып алушылардың шығындарын қоса алғанда, жалпы 4,275 миллион аустралиялық доллар пайда әкелді. Лоттардың 63 пайызы сатылды.


Соңғы жаңалықтар