Аустралиялық туристің жоғалуына қатысты Алматыда іс қозғалды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шетелдік туристің жоғалып кету дерегі бойынша іздестіру ісі қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақовтың айтуынша, шетелдік азаматты іздеу бойынша криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен кинолог-мамандар енген арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

«Шетелдік азаматты іздеу бойынша барлық полиция бөлімшелеріне бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар волонтерлердің ресурстары барынша пайдаланылуда. Қазір қолда бар ақпаратқа сәйкес, Аустралия азаматын 21 мамырда Үлкен Алматы көлі маңында көрген. Ер адам Космостанцияға қарай бет алған. Аталған аумақты ескере отырып, тікұшақ бригадалары мен республикалық жедел-құтқару жасағының күштері тартылды. Бейнебарлау дрондармен жүргізіліп жатыр», - деді Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.

Бұған дейін Алматы тауларында жоғалып кеткен аустралиялық туристің іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар