Аустралияда парниктік газдармен күресу үшін 1 млрд ағаш отырғызылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралияда алдағы 30 жылда 1 млрд ағаш отырғызылады. Бұл климат жөніндегі Париж келісіміндегі мақсаттарды орындауға көмектеседі. Ауқымды науқанның басталғанын ел премьер-министрі Скотт Моррисон Twitter-де хабарлады.

Экологтар мұндай ірі науқан 2030 жылы 18 млн тонна парниктік газдан құтылуға көмектеседі деп үміттеніп отыр.

«Біздің үкімет жаңа акция туралы жариялады. Оның барысында тоғыз өңірлік орман орталық-хабын құрамыз. Жаңа ағаштар отырғызу жоспарын жүзеге асыру үшін 20 млн [аустралиялық] доллар ($14,3 млн) қосымша қаржы қарастырылған», - делінген хабарламада.

Бұл жоба тек көгалдандырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Құрлықтағы ормандар көлемінің артуы парниктік газдардың жылына 26-28% қысқаруына жол ашады.

Соңғы жаңалықтар