Аустралияда құны $160 мың саф алтын табылды

None
Фото: BBC/ DARREN KAMP
СИДНЕЙ. ҚазАқпарат – Арзан металл іздегіші бар Аустралия азаматы құрамында 240 000 аустралиялық доллар (160 000 АҚШ доллары) тұратын алтын бар, салмағы 4,6 келілік тас тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Атын атаудан бас тартқан азамат бағалы тасты 1800 жылдары Аустралияда алтын дүрлікпесі болған Виктория кен орнынан тапқан.

Саф алтынның үлгісін бағалап, сатып алған алтын сатушы Даррен Кэмп 43 жылдық мансабында мұндай үлкен алтынды бірінші ретін көріп отырғанын айтты.

«Мен абдырап қалдым... Мұндай табыс өмірде бір-ақ рет болады», - деді ол BBC News-ке.

4,6 келілік тас құрамында жалпы 83 унция немесе 2,6 келі алтын бар.

Кэпмтің сөзінше, алтынды тапқан азамат ақшаны отбасына жұмсауды жоспарлап отыр.

Аустралияда әлемдегі алтын қоры ең көп елдердің бірі және әлемдегі ірі саф алтындардың көбі дәл осы елден табылған.


Соңғы жаңалықтар