Аустралияда ішінде ине толы екі қорап алмұрт табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралияның Мельбурн қаласында дүкеннен сатып алынған жаңа піскен алмұрттардан тігін инелері табылды. Бұл туралы сәрсенбі күні ABC телекомпаниясы хабарлады.

Алмұрттағы инелерді полиция азық-түлікті қасақана дуалады деген айыппен 50 жастағы әйелді тұтқындағанын жариялағаннан кейін үш күн өткен соң тапқан. Виктория штатының полициясына инелер туралы ABC қызметкері Клер Бонсер хабарлаған. Ол таңғы ас ішіп отырған кезде алмұрттан ине тапқан.

«Мен ешқандай жарақат алған жоқпын. Жеп отырған алмұрттан жалтыраған инені көріп қалдым», - деді әйел. Инелері бар алмұрттың екінші қорабын  Сифордтағы (Мельбурн қаласының сыртында) Woolworths супермаркет желісінің  қызметкерлері тапқан.

Телеарнаның дерегі бойынша, Виктория штатының полициясы жаңа піскен жемістерден инелер табылу фактілерін тексеріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар