Аустралияда бір күнде 300 мың рет найзағай соқты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралияның оңтүстік-шығысында болған алапат дауыл кезінде соққан найзағайлардың саны 300 мыңға жетті. Оның видеосы желіге тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Найзағай Сиднейдің өзінде 7 мың рет жарқылдаған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, табиғаттың тосын мінезінен бір адам мерт болған.

Үздіксіз соққан қуатты электр зарядтарынан ағаштарға, ғимараттарға үйлерге зақым келген. 

Соңғы жаңалықтар