Аустралия чемпионатында Елена Рыбакина эйс жасаудан рекорд орнатты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында эйс жасаудан рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Australian Open ұйымдастырушылары мәлім еткеніндей, Елена Рыбакина жеті ойында 54 эйске қол жеткізді.

Қазақстандық теннисшінің финалдағы қарсыласы, осы жарыстың жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенко 46 эйспен көзге түсті. Әсіресе, ол соңғы бәсекеде 17 эйс жасай білді.

Чехиялық Каролина Плишкова (31 эйс) үздік үштікті түйіндеді. Франциялық Каролин Гарсия (25), хорватиялық Донна Векич (24) бесінші орында.

Ерлерден америкалық Бен Шелтон (85) қара үзіп кетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан тарихында алғаш рет Елена Рыбакинаның әлемнің 10-ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Новак Джокович ең көп табыс тапқан теннисшілер көшін бастап тұр.

Елена Рыбакина чемпиондық кестеде екінші орынға көтерілді.


Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар