+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр

2021 жылғы 17 қаңтар 20:30
Бөлісіңіз:
Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр, олардың арасында қазақстандық Юлия Путинцева бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Анна Данилина жұптық сында Лион турнирінің жартылай финалына шықты Теннис: Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шықты Теннис: Тимофей Скатов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шықты

Теннистен Аустралия ашық чемпионатының директоры Крэйг Тайли осыншама адамның карантинде жатқанына қарамастан, «Үлкен дулыға» турнирінің кесте бойынша, Мельбурнде 8-21 ақпанда өтетінін мәлімдеді.

«Біз індеттің қатерлі екендігін білдік. Соған қарамастан, Australian Open өтеді. Сондықтан қиын жағдайда қалған ойыншыларға барлық қолдан келген көмекті көрсетеміз», деді К.Тайли.

Сенбі күні Мельбурнге Лос-Анджелес пен Әбу-Дабиден ұшып келген ұшақ жолаушыларынан коронавирус табылған болатын. Соған байланысты бортта болған 47 теннисші карантинге жатқызылды. Олардың арасында Ю.Путинцевадан басқа Светлана Кузнецова, Виктория Азаренко, Марта Костюк, Бьянка Андрееску, Анжелика Кербер, Белинда Бенчич сияқты белгілі теннисшілер бар.

Карантиннің қиындығы сол, ойыншылар өздеріне күн сайын жаттығуға берілген бес сағатты пайдалана алмайды.

Бүгін Аустралия ашық чемпионатына ұшып келген төртінші адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.

«Егер борттағы бір адам коронавирус жұқтырса, жолаушылардың бәрі карантинге жатқызылатынын бізге неге айтпағанын түсінбеймін. Олай болған жағдайда Аустралияға аттанбас бұрын дұрыстап ойланар едім. Бізге команда мүшесінің біреуі ауырса ғана толық оқшауланатынымыз жөнінде айтылды. Ұшақтағы басқа кездейсоқ адамдар жөнінде әңгіме болған жоқ», деп жазды Ю.Путинцева өзінің Твиттердегі парақшасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT