Australian Open: Максим Батютенко жасөспірім турнирін сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Максим Батютенко Аустралия ашық чемпионатының жасөспірімдер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Теміртау қаласының 16 жасар түлегі бастапқы кездесуін ұлыбританиялық, 17-дегі Мэттью Ранкинмен өткізді.

Қазақстандық теннисші бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

М.Батютенко екінші айналымда франциялық Артур Хеа немесе литвалық Эдас Бутвиластың біреуімен кездеседі.

Сондай-ақ бүгін қыздар арасында Аружан Сағындықова жарыстың 8-ракеткасы, бельгиялық Софья Костуласпен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Александр Недовесовтің жұптық сында үшінші айналымға өте алмағанын, қос қазақстандық жасөспірім теннисшінің бақ сынайтынын, қазақстандық теннисшінің Литвада өткен жарыста абсолютті чемпион

атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Андрей Голубев аралас сында екінші айналымға, Анна Данилина ширек финалға шықты.






Соңғы жаңалықтар