Australian Open: Қазақстандық үш теннисші іріктеу сайыстарының финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық үш теннисші Аустралия ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының жартылай финалында аустралиялық Дэйн Суиниді 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды.

Михаил Кукушкин 1 сағат 46 минутқа созылған тартысты матчта нидерландылық Робин Хасені 7:5, 7:6 (7:2) есебімен ұтты.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко 1 сағат 23 минуттық кездесуде аустралиялық Филип Секуличтен айласын асырды – 6:4, 6:2.

Енді қазақстандықтар іріктеу сайыстарының финалында қарсыластарын ұтса, негізгі турнирге өтеді. М.Кукушкин америкалық Эрнесто Эскобедомен, Т.Скатов португалиялық Гаштау Элиашпен, Д.Попко чехиялық Иржи Лехечкамен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қос жасөспірім теннисшінің алғаш рет Аустралия ашық чемпионатында ойнайтынын, Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннисі «Мастерс» рейтингінде көш бастап келетінін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина US Open чемпионын ұтты.



Соңғы жаңалықтар