Australian Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілердің Үлкен дулығаның «Australian Open» чемпионатындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

8 қаңтар күні басталатын іріктеу турнирінде ерлер арасындағы жеке сында Қазақстан атынан Александр Бублик пен Александр Недовесов, әйелдер арасында Елена Рыбакина қатысады.

Жігіттердің екеуі де аустриялықтардың әуселесін байқап көреді. Александр Недовесов бүгін Деннис Новакқа қарсы кортқа шықса, Александр Бублик ертең Юрий Родионовпен күш сынасады.

9 қаңтар күні, сондай-ақ әйелдер арасында Елена Рыбакина қытайлық спортшы Линь Чжуды сынақтан өткізбек.

Аустралия ашық чемпионаты 27 қаңтарға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар