Australian Open: Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын ұтып, ширек финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Е.Рыбакина 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте Еленаның доп берудегі қателігінен кейін И.Швентек брейкпен алға кетті – 2:0. Дегенмен Е.Рыбакина қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді – 3:3. Сосын тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.

Сағат жарымға созылған матчта Елена 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Кори Гауфф немесе рейтингте 17-сатыдағы латвиялық Елена Остапенконың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның жекелей сында алғаш рет төртінші айналымға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды.

Елена Рыбакина жұптық сында келесі айналымға өтті.

Фото – Қазақстан теннис федерациясы.


Соңғы жаңалықтар