Australian Open: Бублик пен Голубев ширек финалға шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп төртінші айналымда сальвадорлық Марсело Аревало – нидерландылық Матве Мидделкоппен күш сынасты.

Тартысты өткен бірінші партияда А.Бублик пен А.Голубев тай-брейкте басымдылық көрсетті – 7:6 (7:4).

Екінші сетте қарсыластары дәл солай жауап қайырды – 7:6 (7:3).

Үшінші сетте де олардың жолы болды – 6:3.

Бәсеке 2 сағат 22 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бублик пен А.Голубевтің турнирдің көшбасшыларын ұтқанын, Юлия Путинцеваның төртінші айналымға шыға алмағанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар