Australian Open: Андрей Голубев аралас сында екінші айналымға шықты
2022 жылғы 22 қаңтар 19:27

Australian Open: Андрей Голубев аралас сында екінші айналымға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев аралас сында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші украиналық Людмила Киченокпен бірге бастапқы кездесуін хорватиялық Дарья Юрак – үндістандық Рохан Бопаннамен өткізді.

А.Голубев пен Л.Киченок 1:6, 6:4, 11:9 есебімен жеңіске жетті. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыластары 4 эйс, 3 брейкке (5 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Қазақстандық-украиналық жұп ширек финалға шығу үшін жапониялық Макото Ниномия – пәкстандық Айсам-уль-Хак Курешимен таласады. Осылайша Аустралия ашық чемпионатында Қазақстаннан А.Голубев пен жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина ғана қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Анна Данилинаның жұптық сында үшінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз. Ал Александр Недовесов үшінші айналымға шыға алмады. Сондай-ақ Аустралия ашық чемпионатында қос қазақстандық жасөспірім теннисші бақ сынайды.






Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT