Australian Open-2023: Қазақстандық теннисшілер жұптық сындағы бәсекелерді сәтті бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Анна Данилина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Е.Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда жарыстың 5-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Рыбакина мен Павлюченкова 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Турнирдің 8-ракеткалары А.Данилина мен үндістандық Саня Мирза бастапқы кездесуін мажарстандық Далма Галфи – америкалық Бернарда Перамен өткізді.

Қазақстандық-үндістандық дуэт 1 сағат 15 минутқа созылған матчта қарсыластарын 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Олар 1 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ.

Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова екінші айналымда тайбэйлік Латиша Чань – чилилік Алекса Гуарачимен, ал А.Данилина мен С.Мирза украиналық Ангелина Калинина – бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның үшінші айналымға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер екінші айналымға өтті.

Юлия Путинцева үшінші айналымға шыға алмады.


Photo: ktf.kz




Соңғы жаңалықтар