Australian Open-2023 финалына шыққан Елена Рыбакина $1 млн астам табыс тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аустралия ашық чемпионатының финалына шыққан Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 1 млн астам АҚШ доллары көлемінде табыс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, жекелей сында финалға шыққан ойыншыға 1,12 млн доллар беріледі.

Финалда жеңген теннисшіге 2,05 млн доллар тиеді.

Е. Рыбакинаның жұптық сында ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге 1/8 финалға жеткені белгілі. Бұл үшін екеуіне 47 мың доллар тең бөлінеді. Сонда әрқайсысына 23 500 доллардан тиеді.

Бәрін есептегенде, қазақстандық теннисші қазірдің өзінде 1 млн 143,5 мың доллар көлемінде табыс тауып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның финалға жолдама үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисшілер Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты.

Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия чемпионатының финалына шықты.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы


Соңғы жаңалықтар