+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Ауру өсімі 2 пайыздан төмен өңірлерде фитнес орталықтары мен спорт кешендері іске қосылады

2020 жылғы 25 мамыр 20:12
Бөлісіңіз:
Ауру өсімі 2 пайыздан төмен өңірлерде фитнес орталықтары мен спорт кешендері іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Індет кезінде әр адам денсаулығын, аман қалуын ойлауы тиіс - Ирина Терентьева Бiздi тек ɵз жауапкершiлiгiмiз ғана сақтап қалады - Жайнагүл Құсайынова Алматыда коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінген

Отырыста елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал және халықты жұмыспен қамту мақсатында қызмет салаларын қалпына келтіру мәселелеріқаралып, нақты шешімдер қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеем жасап.

Вирустың минималдық өсім қарқыны аптасына 2%-ға жетпеген өңірлерде:

сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар іске қосылмайды);

қоғамдық тамақтану нысандарының (50 адамнан астам орынмен);

өндірістік тауарлар дүкендерінің (2 мың м2 астам);

фитнес-отралықтары, спорт кешендерінің;

SPA орталықтары, моншалар мен сауналардың;

балаларға арналған сауықтыру лагерьлерінің;

қоғамдық көліктің (шектеусіз) қызметін іске қосуға рұқсат етіледі.

2020 жылғы 25 мамырдан бастап Атырау қаласымен ішкі әуе қатынасы іске қосылады.

2020 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының аумағында:

кезең-кезеңмен ішкі темір жол қатынасын іске қосуға байланысты темір жол вокзалдарының қызметі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады;

қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, Қазақстан кәсіподақтар федерациясының қонақ үйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары қызметін қайта бастайды;

Қазақстан азаматтарын шет елдерден қайтару жұмысы жалғастырылады.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT