Әулиекөлдегі өрттен зардап шеккен бизнеске 36 млн теңгеден астам өтемақы төленеді

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Әулиекөл кәсіпкерлері өрттен зардап шеккен бизнес үшін өтемақы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарланғандай, Әулиекөл ауданы кәсіпкерлерінің материалдары бүгін «Күшіміз бірлікте» қоры комиссиясының отырысында қаралды.

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілеріне өрттен келтірілген залал туралы мәліметтерді жинау бойынша үлкен жұмыс атқарды.

«Жедел режимде кәсіпкерлермен, палата және өңірлік кеңес өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді. Онда келген залалды тіркеу алгоритмі және басқа мән-жай түсіндірілді. Нәтижесінде мүліктік залал келген бизнес субъектілері анықталды, кері байланыс орнатылды, мүлікті тексеру актісі әзірленді, нысандар фото және бейнежазбаға түсірілді. Бұл мәліметтер комиссия отырысына ұсынылды. Олар бойынша бүкіл ақпарат расталды», - деді Данияр Күзенбаев.

«Күшіміз бірлікте» қорының комиссиясы жеке кәсіпкерліктің бес субъектісіне 36 миллион теңгеден астам шығынды өтеуді қолдады.

Бұған дейін Архимед Мұхамбетов Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің ауқымды құрылысы аяқталып қалғанын хабарлаған болатын.

Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады.



Соңғы жаңалықтар