+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қыз балаларға тәрбие беретін «Әжелер мектебі» ашылды

2017 жылғы 14 ақпан 09:18
Бөлісіңіз:
Қыз балаларға тәрбие беретін «Әжелер мектебі» ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылордада қасиетті Меккеде қажылық парызын өтеп келген әжелердің мектебі ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.

«Әжелер мектебі» ашылатындығы туралы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен шара барысында белгілі болды.

Қажы апаларымызбен бас қосқан қала мешіттерінің ұстаздары, қыз-келіншектер «дөңгелек үстелде» қыз балалар тәрбиесі үшін маңызды тақырыптарды қозғап, ақыл-кеңестер тыңдалды. Әжелер тарапынан да салт-дәстүрге сай өнегелі өсиеттер айтылды.

Айта кетейік, бүгінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы Жалпы және жастар ісі бөлімі, Қызылорда облысы бойынша әйелдер-қыздар секторы жастарға, қыз-келіншектерге тәлім-тәрбие беру бағытындағы өз жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.

Алдағы уақытта сектор бастамасымен «Әжелер мектебі» жұмысын күшейтіп, бірқатар маңызды шаралар қолға алынбақ. Болашақ ана атанатын нәзік жандылар үшін бұл шаралардың өз нәтижесін берері сөзсіз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елубай Әуезов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT