+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ауқымды тәрбие жұмысы арқылы терроризмнің алдын алуға болады – Бердібек Сапарбаев

2020 жылғы 5 шілде 03:16
Бөлісіңіз:
Ауқымды тәрбие жұмысы арқылы терроризмнің алдын алуға болады – Бердібек Сапарбаев

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысыың әкімі Бердібек Сапарбаев экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмысын мұқият ұйымдастыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстағы экстремизм және терроризмге қарсы күрес мәселелері жөнінде мәжіліс өтті. Басқосуда баяндама жасаған облыс әкімдігі дін істер басқармасының басшысы Жангелді Омаров «2018-2022 жылдарға арналған экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл» бағдарламасының мақсатты индикаторлары мен тармақтарының орындалуы туралы хабарлады.

Баяндамашы теологтарға деструктивті ағымдардың жетекшілері және белсенділерімен кездесу көбіне қиынға соғатынын, бұл орайда құқық қорғау органдарынан көмегі керегін жеткізді.

Облыс әкімі теологтардың имамдармен және құқық қорғау органдарымен өзара бірлескен іс-қимылының маңызын атап өтті.

«Бірлесіп жұмыс істеу керек. Мен өз орынбасарыма бірлескен жұмыстың қалай және қай деңгейде ұйымдастырылғанын бақылауды тапсырамын. Бұл жерде имамдардың жұмысын күшейте түскен дұрыс, өйткені оларды тыңдап, сенетіндер көп», - деп түсіндірді Б.Сапарбаев.

Айта кету керек, өңірдің 131 студенті еліміздің жоғары оқу орындарында діни білім алуда десек, оның 27-сі биыл бітірмек.

- 115 жамбылдық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы медресе мен колледждерде білім алуда. Олардың 41-і биыл тәмамдамақ. Тараздағы Хибатулла Тарази мешітіндегі медреседе 37 шәкірт білімін шындауда. Алты студент Мысырдағы Әл-Азхар университетінде оқуда. Оның екеуі биыл бітіріп, діни басқармада қызмет ете бастайды, - деді Ж.Омаров.

Өңір басшысы жиынға қатысушыларды экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмысын мұқият ұйымдастыруға шақырды.

- Конференциялар мен семинарлар, оларды әсіресе халықаралық деңгейде өткізу керек. Дер кезінде және тиісті деңгейдегі шараларды қамтитын ауқымды тәрбие жұмыстарының жүзеге асыру арқылы экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға болады. Бұл тұрғыда бұған дейін атап өткенімдей, барлық мүдделі құрылымдардың бірлескен жұмысы өте маңызды, - деп түйіндеді сөзін Б.Сапарбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT